Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың пікірінше, ресейлік Ислам Махачев өз салмақ дәрежесі бойынша UFC промоушенінде біразға дейін үстемдік танытады, - деп жазады Vesti.kz.
Әбу-Дабидегі UFC 280 турнирінің басты айқасында Махачев бразилиялық Чарльз Оливейраны жеңген болатын.
"Ислам - мықты файтер. Ол үлкен спорттан кетпейінше өз дивизионында осы титулын сақтайтын секілді", - дейді Рахмонов "Вестник ММА" Youtube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Рахмонов октагон төріне 15 қаңтарда оралады. Отандасымыз Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night турнирінде америкалық Джефф Нилмен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!