Украиналық боксшы Головкиннің белбеулеріне көз тігіп отыр

27 жастағы украиналық кәсіпқой боксшы Евгений Хитров қазақстандық Геннадий Головкинмен шаршы алаңда жолыққысы келетінін және оның чемпиондық белбеулерін  тартып алуға тырысып көретінін тағы да мәлім етті.

«Тағы 1-2 кезедсу өткізіп, сонан соң әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Мен ешкімнің атынан да, қарқынынан да қаймықпақ емеспін. Головкинмен күш сынасып, оның белбеулерін тартып алсам ба деген ойым бар», - дейді Е.Хитров.

Дереккөз: bnews.kz