Уимблдонның финалында әлемнің бірінші және екінші ракеткалары ойнайды

Уимблдонның финалында әлемнің бірінші және екінші ракеткалары ойнайды
Фото: Global Look Press

Уимблдонның ерлер арасындағы жекелей сындағы финалында ойнайтын теннисшілер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлемнің екінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович италиялық теннисші Янник Синнерді 6:3, 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Джокович жартылай финалдағы матчта 11 рет эйс орындап, бірде-бір қос қателік жасамады және тоғыз брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Ал екінші финалист - әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарас. Испаниялық теннисші жартылай финалда ресейлік теннисші, әлемінің үшінші ракеткасы Даниил Медведевті 6:3, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Алькарас ойын кезінде төрт эйс жасап, үш рет қос қате жіберді. Ол 14 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Енді финалдық кездесу 16 шілдеде өтеді.

Айта кетейік, 15 шілдеде Уимблдонның әйелдер арасындағы жекелей сындағы финалдық матчы болады. Онда тунистік теннисші Онс Жабер мен чехиялық Маркета Вондроушова ойнайды. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

М. Лұқпан