Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына өте алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен ойнады.
Елена Рыбакина 7:6(7:5), 6:4, 6:1 есебімен жеңілді. Осылайша, ол былтырғы атағын қорғай алмады.
Қазақстандық теннисші матч кезінде 7 эйс орындап, 3 қос қателік жасады.
Енді тунистік теннисші турнирдің финалына шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы,Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!