УЕФА Темірлан Анарбековтің сейвін үздіктер қатарына қосты

УЕФА Темірлан Анарбековтің сейвін үздіктер қатарына қосты
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

УЕФА Темірлан Анарбековтің сейвін үздіктер қатарына қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қайрат" футбол клубының қақпашысының "Интер" шабуылшысы, Аргентина құрамасының ойыншысы Лаутаро Мартинестің соққысын қайтарған сәті жоғары бағаланған.

Айта кетейік, кеше "Қайрат" сырт алаңда ойнады. 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Миландағы "Джузеппе Меацца" стадионында өткен "Интер" - "Қайрат" ойынында 2:1 есебі тіркелді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget