УЕФА маусымның үздік бапкері атағына үміткер үздік үштікті жариялады

УЕФА маусымның үздік бапкері атағына үміткер үздік үштікті жариялады

УЕФА 2020/21 маусымының үздік жаттықтырушысына үміткерлердің үштігін жариялады.

Үздік үштікке Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити"), Роберто Манчини (Италия ұлттық құрамасы) және Томас Тухель ("Челси") енген.

Биыл Гвардиола "Манчестер Ситимен" бірге Англия чемпионаты мен Англия лигасының кубогын, Манчини Италия ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионатын, ал Тухель "Челсимен" Чемпиондар Лигасын ұтты.

Үздік бапкер 26 тамызда Стамбулда, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеребе тартылатын кезде анықталады.

"France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл "The Best" сыйлығы алтыншы рет табысталды.

Айта кетейік, УЕФА 2020/21 жылдың үздік ойыншысы атануға үміткерлердің үштігін жариялады. Криштиану Роналду мен Лионель Месси үздік үштікке енбей қалды.

Т. Раушанұлы