Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) ұлттық құрамалар жарыстары жөніндегі комитеті 2026/27 жылғы Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімін өткізу тәртібі мен матчтер күнтізбесін бекітті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Турнирдің жеребесі 12 ақпанда Брюссельде (Бельгия) тартылады. Жеребе тарту алдында барлық қатысушы A, B, C және D дивизиондарына бөлініп, әр дивизион ішінде себеттерге жіктеледі.
Қазақстан құрамасы келесі Ұлттар лигасы маусымында C дивизионында өнер көрсетеді.
C дивизионындағы құрамалардың себеттері
1-себет: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан.
2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения.
3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония.
4-себет: Латвия немесе Гибралтар, Люксембург немесе Мальта, Молдова, Сан-Марино.
2026/27 жылғы Ұлттар лигасының ойындары 2026 жылғы 24 қыркүйек пен 17 қараша аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының нақты матч күндері жеребе тартудан кейін белгілі болады.
Еске салайық, алдыңғы Ұлттар лигасы маусымынан кейін Қазақстан B дивизионынан түсіп қалды. Норвегия, Австрия және Словениямен бір топта болған кезде, сол тұста бас бапкер Станислав Черчесовтің шәкірттері бар болғаны 1 ұпай жинаған.
Бұған дейін Бельгияның "Брюгге" клубының үш жанкүйері Чемпиондар лигасы аясында "Қайратқа" қарсы матч кезіндегі киген киімі үшін жаза алған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz