УЕФА жанкүйерлерді сырт алаңдағы ойынды стадионнан тамашалауға рұқсат етті

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) коронавирус пандемиясы аясында бұрын енгізілген еурокубоктар мен ұлттық командалардың қонақтағы матчтарына жанкүйерлердің баруына қойылған шектеуді алып тастады. Бұл туралы УЕФА сайты хабарлады.

Жанкүйерлер енді ойын өтетін елде қолданылатын ережелерге ғана бағынып, ойынды стадионнан тамашалай алады. 

"Жанкүйерлерге УЕФА-ның қонақтағы матчтарына келуге тыйым салу заңы күшін жойды. Кейінгң қабылданған шешім тиісті ұлттық және жергілікті билік органдарының талаптарына сәйкес болады", - деді ұйым. 

Сонымен қатар, УЕФА команданың жанкүйерлері үшін жолда билеттерді алмастыруға тиым салмайды.

Еуропаның Football Supporters Europe (FSE) жанкүйерлер тобы УЕФА шешімі Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы мен Конференциялар Лигасы матчтарына, ұлттық командалардың ойындарына қатысты болатынын мәлімдеді.

Бұл ереже келесі аптадан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін УЕФА Еуропа кубогының барлық кездесуінде қонақтағы голдар ережесін алып тастаған болатын.