БАҚ-тың хабарлауынша, келесі маусымда Чемпиондар лигасында қосымша уақытты жою және жалпы кезеңнің көшбасшылары үшін жаңа артықшылықтар енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Спорт-Экспресс" Bild басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, 2025/2026 маусымында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде егер екінші матчтың соңында тең есеп тіркелсе, командалар бірден пенальти сериясын өткізіп, қосымша 15 минуттық екі тайм жойылады.
Тағы екі өзгеріс жеребе тарту ережесіне қатысты. Енді, жалпы кезеңде бірінші сегіз орын алған командалар плей-офф барлық кезеңдерінде, финалдан басқа, жауапты матчты өз алаңында өткізеді.
Сонымен қатар, мақалада бір елдің клубтары 1/4 финалға дейін бір-бірімен кездеспейтіні айтылған. Биылғы маусымда француздық "ПСЖ" мен "Брест" арасындағы плей-офф матчтары, испандық "Реал" мен "Атлетико", сондай-ақ неміс "Байер" мен "Бавария" 1/8 финалында ойнаған болатын.

Алайда, мақалада 2025/2026 маусымына арналған ереженің 26 ақпанда бекітілгені және онда ешқандай өзгеріс енгізілмегені көрсетілген.
Чемпиондар лигасы 2024/2025 маусымында өзгерді
2024/2025 маусымынан бастап Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің ережелері өзгерді. Бұрын 32 команда 8 топқа бөлініп, әрбір команда екі ойыннан өткізетін болса, енді 36 команда кездейсоқ қарсыластармен 8 ойын өткізеді, нәтижесінде барлық ойындардың қорытындысы бір жалпы кестеде көрсетіледі.
Сонымен қатар, бұрын плей-офф 1/8 финалдан басталса, қазір 9-шы мен 24-ші орын алған командалар бірінші сегіздікке қарсы ойнау үшін іріктеу матчтарын өткізеді.
2024/2025 маусымындағы Чемпиондар лигасының жартылай финалында Лондондық "Арсенал" "Пари Сен-Жерменмен" кездеседі, ал "Барселона" Миланның "Интерімен" ойнайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет