"Уақыт келді". Шавкат Рахмонов UFC-дегі болашағына қатысты мәлімдеме жасады

"Уақыт келді". Шавкат Рахмонов UFC-дегі болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмонов (18-0) Алматыда өткен баспасөз мәслихатына қатысып, журналистер сұрағына жауап берді.

"Номад" кейінгі жекпе-жегінде америкалық Стивен Томпсонды жеңіп, UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде 3-орынға көтерілді. Осыдан кейін елге оралған еді. 

- Енді кіммен айқасқыңыз келеді?

- Усманмен және Белалмен де. Олар менімен жекпе-жекке келісетін сияқты. Маған бәрібір кіммен, бастысы тезірек белбеу үшін жекпе-жекке жету. Қазір мені не күтіп тұрғаны белгісіз. Ары қарай жұмыс істей береміз. 

- Жекпе-жек алдында өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жарақатыңыз мазалаған жоқ па?

- Жарақатым білінбеді. Бірақ қауіп болды. Дегенмен жекпе-жекке дейінгі іс-шараларда мен өзімді жайлы сезіндім. 

-  UFC файтері болу қалай?

- Басқа лигалармен ынтамастықта болуға рұқсат жоқ. Гонорарды ашып айтуға болмайды. Айтпақшы келісімшартты қайта қарау керек. Уақыт келді.

Massaget.kz