Түркияда таеквондодан өткен тартысты турнир: қоржында бес медаль бар

Түркияда таеквондодан өткен тартысты турнир: қоржында бес медаль бар
Фото: ҰОК

Анталья (Түркия) қаласында таеквондодан ірі халықаралық турнир - Turkiye Open-2026 өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль еншіледі.

46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдана Құмартаева күміс жүлдеге ие болып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Ал Нодира Ахмедова (53 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, жарыстың соңғы күнінде ерлер арасындағы бәсекелер өтеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget