Түркияда қазақстандық клуб жанкүйерлері жаға жыртысты

Футболдан биылғы Қазақстан Суперкубогының финалы Антальяда өтті. "Ордабасы" мен "Тобыл" арасындағы ойында қазақстандық клуб жанкүйерлері қақтығысып, жаға жыртысқан. 

Жанкүйерлердің қақтығысы екінші тайм ортасына қарай болған. Екі команда жанкүйерлері бір-біріне жақын отырған. Оларды бөліп тұратын қоршау болмаған. Қақтығыс тез арада тоқтатылып, ойын жалғасты. 

Айта кетейік, ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында қостанайлық команда жеңімпаз атанды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!