Туризм және спорт министрі Көшпенділер ойындарындағы даудан кейін пікір білдірді

Туризм және спорт министрі Көшпенділер ойындарындағы даудан кейін пікір білдірді
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Көшпенділер ойындарындағы даудан кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - бауырлас халықтарды ортақ тарихы, дәстүрі мен ұлттық спорты арқылы жақындастыратын ерекше халықаралық дода.

"Осы дүбірлі дода аясында Қырғыз Республикасы министрлер кабинетіне қарасты Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт агенттігінің директоры Урмат Асанбаевпен кездесіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жұмысымызды қорытындыладық. Кездесуде Урмат Асанбаевқа құрмет көрсетіп, садақ сыйға тарттым. Садақ - көшпенділердің бай мұрасы мен халқымызға ортақ дәстүрдің символы. Қазақ пен қырғыз - тарихы тамырлас, рухы бір, салт-дәстүрі сабақтас бауырлас халықтар. Осындай халықаралық жарыстар екі елдің спортшылары мен спорт саласының мамандарын жақындастырып, достық байланыстарымызды одан әрі нығайта түседі. Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтті. Қырғыз ағайындарға қонақжайлығы мен ыстық ықыласы үшін алғыс айтамын!" - деді Ербол Мырзабосынов. 

Айта кетейік, 6 қыркүйекте аяқталған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының нәтижесін Қазақстан мен Қырғызстан екі түрлі есептеген еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget