Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азия ойындарының қорытындысы бойынша федерациялардың есебін тыңдауды жалғастырып жатыр. Бұл жолы еліміздегі ең танымал спорт түрлері саналатын бокс пен дзюдо федерациясының өкілдері есеп берді.
Жиында олар спортшылардың Ханчжоудағы өнері туралы айтып, төмен нәтиже көрсетуінің себептерін баяндады. Ермек Маржықпаев қазақстандық боксшылардың физикалық және функционалды дайындығында кем тұстар көп екенін, әйелдер боксында резервтің жоқтығын атап өтті.
Бәріміз Карина Ибрагимованың (57 кг) финалдағы, Асланбек Шымбергеновтің (71 кг) жартылай финалдық жекпе-жегінде болған жағдай туралы жақсы білеміз. Алайда, бұл команданың жалпы көрсеткен нәтижесіне себеп болмауға тиіс. Біздің боксшылар екінші раундтан кейін шаршап қалып жатыр. Федерацияның ұсынысымен спортшылардың физикалық дайындығын жақсарту мақсатында шетелдік кеңесші шақырылғанымен, нәтиже көңілдегідей болмай шықты. Әйелдер боксында резерв жоқ, бір спортшы барлық турнирге қатысып шығады», - деді туризм және спорт министрі.
Сонымен қатар Ермек Маржықпаев дзюдо федерациясының есебін тыңдап, Азия ойындарында жақын көршілерімізден медаль саны бойынша да, жеке белдесулер бойынша да қалып қойғанына тоқталды.
Айта кетейік, бұл күндері бокстан қаласында 4 жылда бір рет өтетін ерлер арасындағы Спартакиада турнирі өтуде. Оған еліміздің кіл мықты боксшылары қатысып, бақ сынауда.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!