Тухельдің «Челсидегі» 589 күні: Чемпиондар Лигасын жеңуі, Конте арасындағы жанжал

«Челси» күтпеген сәтте бас бапкер Томас Тухельді қызметінен босатты.

Челси» барлық ойыншылардың атынан Томас пен оның командасына клуб үшін төккен тері мен қызметіне  алғысын білдіреді. Томас жетістіктерімен «Челси» тарихында қалады. Жаңа қожайындар тобы клубты басқарғанына 100 күн толды. Біз клубты алға жылжыту бойынша күрделі жұмысты жалғастырамыз және қазір өзгертудің дұрыс уақыты деп санаймыз. Жаттықтырушылар штабы команданы алдағы матчтарға дайындауды жалғастырады, ал басшылық жаңа бас бапкерді іздейді», - делінген «ақсүйектер» мәлімдемесінде.

Тухельдің «Челсидегі» уақыты қысқа, бірақ қызық оқиғаларға толы болды. Ол 589 күн бапкерлік етті, бұл Фрэнк Лэмпардттен 18 күнге көп.

- 2021 жылғы 26 қаңтар – бас бапкер болып тағайындалды;

- 2021 жылғы 29 мамыр – Чемпиондар лигасын жеңіп алды;

- 2021 жылғы 11 тамыз – УЕФА суперкубогын жеңіп алды;

- 2021 жылдың 26 ​​тамызы – УЕФА-д жылдың  үздік бапкері атанды;

- 2022 жылдың 17 қаңтары – ФИФА-да жылдың үздік бапкері деп жарияланды;

- 2022 жылдың 12 қаңтары – клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы;

- 2022 жылғы 7 қыркүйек – қызметінен кетті.

• Томастың бір жарым жылдық мансабы тағы екі жергілікті марапатты қамтиды – ол екі рет Премьер-Лигада айдың үздік бапкер атанды (2021 жылдың наурызында және қазанында);

• Тухель кезінде«Челси» жаңа ойыншыларға 279 миллион еуро жұмсады;

• Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өткен Загребтің «Динамосына» қарсы ойын (0:1) Тухельдің «Челси» сапындағы жүзінші және соңғы ойыны болды.

Чемпиондар Лигасының жеңісі, тағы екі жүлде және Контемен қақтығысы –Тухельдің Челсидегі маңызды сәттері

Тухель 2021 жылдың қаңтар айының соңында «Челсидің» бас бапкері болып тағайындалды – ол кезде лондондықтар Премьер-Лига кестесінде тоғызыншы орында болатын.

«Челси» алғаш рет Тухельмен сәуір айының басында ғана ұтылды. Бірақ «Вест Бромвич» «Стэмфорд Бриджде» лондондықтарды 5:2 есебімен ұтты.

Сол маусымда «Челси» Премьер-лигада 4-ші орынға ие болды, бірақ басты жетістігі Чемпиондар лигасындағы жеңісі еді.

1/8 финалда команда өз қақпасына бірде-бір гол жібермей, «Атлетикодан» (1:0, 2:0) басым түсті.

Ширек финалда «Портуды» (2:0, 0:1) қиындықпен еңсерді.

Жартылай финалда «Реалмен» «Сантьяго Бернабеуде» 1:1, «Стэмфорд Бриджде» 2:0 есебі тіркелді.

Финалда Кай Гаверцтің жалғыз голы «Ман Ситиден» басым түсуге көмектесті.

Тамыз айында Тухель УЕФА суперкубогын жеңіп алды – «Вильярреалдың» пенальтилер сериясында жолы болмады.

Тухель Премьер-Лиганың 2021/22 маусымын жақсы бастады. Алғашқы алты турда екі-ақ гол жіберді (Ливерпуль мен Манчестер Ситиге).

Қорытындысында «Челси» бұл командалардан қалып, үшінші орынға табан тіреді.

2022 жылдың ақпанында лондондықтар клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында «Пальмейрасты» 2:1 есебімен ұтты.

Чемпиондар лигасының жеңімпазы атағын қорғау мүмкін болмады – ширек финалда «Реалға» есе жіберді.

Тамыз айында The Athletic Премьер-Лиганың 2021/22 маусымына зерттеу жүргізіп, Тухель барлық бапкерлер арасында жеңілісіне ең көп сылтау іздегенін анықтады. Ұпай жоғалтқаннан кейін берген 19 сұхбаттың 11-де ол ұтылғанын ақтауға тырысқан.

Неміс маманының «Челсидегі» соңғы жарқын «ерлігі» «Тоттенхэмге» қарсы ойында Антонио Контемен болған жанжалы. Бапкерлер  ойын бойы сөзге келіп, ақтық ысқырық естілген соң төбелесіп кете жаздады.

Тухельдің «Челсидегі» мансабы осы сәттермен есте қалды.