Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, аралық 12-орынға тұрақтады.
Ол жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ, оның Олимпиададағы дебюті туған күнімен (19 жас) тұспа-тұс келді.
Жапониялық Ами Накаи 78.71 ұпаймен қысқа бағдарламадан кейін аралық есепте көш бастады.
Айта кетейік, шешуші еркін бағдарлама 19 ақпанда Астана уақытымен 23:00-де өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова