- Негізгі бет
- Спорт
- Триатлон бойынша Алматы...
Триатлон бойынша Алматы Ашық Чемпионаты өтеді
30 қараша - 1 желтоқсан 2019 жылы триатлон бойынша Алматы Ашық Чемпионаты өтеді.
Чемпионаттың мақсаты мен міндеттері: триатлонмен шұғылданатын спортшылар мен әуесқойлары санын арттыру; әуесқойлардың спорттық шеберлігін арттыру; осы спорт түрін көпшілікке таныту.
2019 жылғы 30 қарашада кәсіби атлеттер келесі жас ерекшеліктері боынша қатысады: U15, U17, U19 және Elite. Суперспринт қашықтығы 400м (жүзу) - 10км ( вело) - 3км (жүгіру).
Басталуы: 09:00.
1 желтоқсан 2019 жылы әуесқой спортшылар (жарыс өткізу кезінде 18 жасқа толған) қатысады. Супер спринт қашықтығы 400м (жүзу) - 10км ( вело) - 3км (жүгіру)
Атлеттердің жалпы саны: 60
Өтетін орны: World Class Almaty (Алматы, Наурызбай батыр к-сі, 89)
Басталуы: 10.00.
Жарыстың бас төрешісі: Максим Черный (Алматы триатлон федерациясының жаттықтырушысы)
Чемпионатты ұйымдастырушылар: "Almaty Triathlon Federation" ҚБ, Қазақстан триатлон федерациясы, World Class Almaty, "Бірінші болу батылдық" (Алматы Марафон) корпоративтік қоры, «ShakhmardanYessenov Foundation» ғылыми-білім беру қоры.
Чемпионатқа қатысушылар үшін старт алдында тікелей брифинг өткізіледі.
А. Оралқызы