IBO, WBF, WIBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас (14-1, 7 КО) өзі туып-өскен Таразда титулды жекпе-жек өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Чилилік боксшы Даниэла Асенхомен (17-4, 2 КО) жекпе-жек 1 маусымда өтеді.
"Қарсыласым - Чили боксшысы Даниэла Асенхо. Бұл - менің өмірімде және карьерамдағы ең маңызды жекпе-жектің бірі. Мен және менің командам осы жекпе-жекті Таразда өткізу үшін барлық күшімізді салдық, ол мен туып-өскен жер және әрдайым менің үйім болып қалады.
Тараз тарихында алғаш рет халықаралық үлкен бокс кеші және әлем чемпионы атағы үшін айқас өтеді! Мен - Қазақстан тарихында өзінің туған жерінде әлем чемпионы титулын қорғайтын алғашқы әйел боксшымын!" - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл айқаста Халықаралық бокс ұйымының (IBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова