"Төрешілер жеңісті тағы тартып алды". Бразилиялық бапкер Жұмағұлов пен Джонсон кездесуі туралы

American Top Team жаттығу залының бразилиялық бапкері Маркос Паррумпа Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы соңғы айқасында қазылық еткен төрешілерді сынап тастады. Оның айтуынша, төрешілер Жұмағұловтан жеңісті тағы тартып алған, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Айта кетейік, Жұмағұлов Fight Night 215 турнирінде америкалық Чарльз Джонсонмен (12-3) кездесті. Жекпе-жек Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтіп, төрешілер шешімі бойынша айқас Джонсонның пайдасына аяқталған болатын. 

"Төрешілер мұны тағы қайталады. Жұмағұловтың екінші жекпе-жегіндегі жеңісін тартып алды", - деп жазды Паррумпа әлеуметтік желіде.  

Еске салайық, Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC Fight Night 215 турнирінде Жұмағұлов төрешілер шешімі бойынша америкалық Чарльз Джонсоннан (12-3) жеңілді. Бұл отандасымыздың UFC ұйымындағы бесінші жеңілісі. Осы жекпе-жектен кейін Жалғас карьерасын аяқтайтынын хабарлады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!