Төрехан Сабырханның бокстан ӘЧ-дегі дебюті сәтті өтті

Төрехан Сабырханның бокстан ӘЧ-дегі дебюті сәтті өтті
Фото: ҰОК

Қазақстандық Төрехан Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/16 финалында алжирлік Юсеф Ислам Яишті жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жекпе-жек 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа созылды. Төрехан үшін бұл дебют кездесу оңай болған жоқ. Алжирлік боксшы мықты қарсылық көрсетіп, айқас тартысты өтті. Үшінші раундта Юсефтің екі рет нокдаунға түсуі қорытынды нәтижеге айтарлықтай әсер етті.

Қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен (3:2) жеңіске жетті.

Бұған дейін қазақстандық Карина Ибрагимова да Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы кездесуін сәтті бастаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget