Төрехан Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңіп, жартылай финалға өтті

Төрехан Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңіп, жартылай финалға өтті
Фото: ҰОК

Боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Али Касим Хамдам Әл-Сарраймен (Ирак) кездесті.

Төрехан Сабырхан алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget