Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда қатарлық Мохаммед Дбичимен қолғап түйістірді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарысты аяқтаған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова