- Негізгі бет
- Спорт
- "Токиодағы қателікті Парижде...
"Токиодағы қателікті Парижде түзеймін" Сәкен Бибосынов алдағы жоспарын айтты
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Италиядағы лицензиялық турнирді қорытындылады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Айта кетелік, Бибосынов өз мансабындағы екінші Олимпиадасына жолдама алып отыр. Бұған дейін ол Токиодағы жазғы ойындарда қола медаль иеленген болатын.
"Менің ең басты мақсатым - ел намысын абыроймен қорғап, лицензияға қол жеткізу болатын. Мақсатыма жеткеніме қуаныштымын. Бұл - ұзын жолдың басы ғана. Алда бізді ең үлкен жауапкершілік, ең маңызды міндеттер күтіп тұр. Париж Олимпиадасында Токиодағы қателіктерді жөндеуге тырысамын. Енді жаттығуды үдете түсеміз. Ал лицензиялық турнирге келер болсақ, барлық қарсыласыма қарқынды дайындалдым. Лицензия алатыныма сенімді болдым. Жекпе-жектердің ішінде ең соңғы, шешуші кездесу сәл қиындау соқты. Десе де, жолдамаға қол жеткізсем деген ойым орындалды", - дейді Бибосынов.
Сәкен Бибосынов 51 кило салмақта жұдырықтасады. 26 жастағы спортшы бокстан әлем чемпионы (2021), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай