- Негізгі бет
- Спорт
- Токио Олимпиадасына кеткен...
Токио Олимпиадасына кеткен шығын белгілі болды
2021 жылы Жапония астанасында өткен Жазғы Олимпиада мен Паралимпиадаға кеткен шығынның қанша болғаны белгілі болды, - деп жазады Р-Спорт басылымы.
Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, жарыстың өтуіне 10,5 миллиард АҚШ доллары жұмсалған. Бұл шығын алдын ала жоспарланған қаржыдан екі есе көп болып отыр.
Алайда өткен жылы желтоқсан айында жасалған болжам бойынша жазғы ойындарға айтылған сомадан (10,5 миллиард) бөлек тағы 213,7 миллион доллар көп кетеді деп айтылған еді.
Енді ұйымдастырушылар 4,7 миллиард қаржыны өндіріп алуы тиіс. Оның ішінде Токио әкімшілігі 4,4 миллиард берсе, орталық биліктен 1,38 миллиард қаржы түсуі керек.
Еске салайық, Токио Олимпиадасы 2020 жылы жаз айында өтуі тиіс болған. Дегенмен бүкіл әлемде пандемияның өршіп тұруына орай, төрт жылда бір келетін жарыс бір жыл кешіктіріп өткізілді. Шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығында өткен Олимпиада жанкүйерсіз өтті. Ал қазақстандық спортшылар аталмыш ойындардан алтынсыз қайтты.
Г. Досымшалова