Тоқаев үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті

Тоқаев үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Кубогының негізгі шараларының бірі - үстел теннисінен әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтіп жатқан шоу-матчті тамашалады.

Президент Олимпиада чемпионы Сюй Синь (ҚХР), Әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері Шлагер Вернер (Аустрия), Әлем чемпиондары Фан Бо (ҚХР) және Чу Се Хёк (Корей Республикасы) сияқты үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті.

Алғаш рет өткен турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында ITTF рейтингі бойынша ең үздік 100 теннисшінің қатарына енген ойыншылар мен Қазақстанның танымал спортшылары бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget