Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!