Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіби бокс жұлдызы Геннадий Головкин Қазақстан құрамасының матчіне келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық құрама Еуро-2024 іріктеу турнирінің 6-турында Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайды.
Мемлекет басшысы Ұлттық құраманы қолдау үшін "Астана Арена" стадионында төбе көрсетті.
Еске салайық, өткен турда Қазақстан Финляндиядан (0:1), ал Солтүстік Ирландия Словениядан (2:4) жеңіліп қалған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз