Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады
Фото: ҰОК

Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті. Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады. Надежда Рябец (80 келіге дейін) пен Дина Исламбекова (80 келіден жоғары салмақта) чемпион атанса, Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget