Тоқаев Астанадағы теннис орталығына барды

Тоқаев Астанадағы теннис орталығына барды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Елордадағы нысандарды аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәулет" теннис орталығының қызметімен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ, мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

"Дәулет" орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.

Биыл мамырда орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget