Тоқаев әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады

Тоқаев әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!" – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget