Чемпионаттың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы Қойшыбаев Мақсат Сүниятұлы қатысты.
Чемпионатқа еліміздің 9 облысы мен Астана қаласынан, барлығы 55 спортшы қатысуда.
Біріншілік классика түрінде, айналмалы жүйеде өтуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2 тамыз күні белгілі болады.