Тоғыз боксшы Азия чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоғыз боксшы Азия чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

U19 жас санатында жартылай финалдағы жекпе-жектер аяқталды. Нәтижесінде тоғыз отандасымыз финалға өтті.

Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін сынға түседі.

Ал Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін), Жалғас Өтебеков (90 келіге дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, U19 жас санатындағы финал 15-16 шілде аралығында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget