Үш дүркін Олимпиада чемпионы және 11 дүркін әлем чемпионы франциялық Тедди Ринер мен оның жеке бапкері Фрэнк Чамбилиге қазақ шапаны сыйға тартылды, - деп хабарлайды Schrödinger Sport telegram-арнасы.
Әлемде аты аңызға айналған дзюдошы Алматыда қазақстандық спортшылармен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Ринер ОЖЖ-ға тәжірибе алмасу және қазақстандық дзюдошылардың шеберлігін арттыру мақсатында келді. Лагерь Франция Федерациясымен бірлесіп өткізіледі.
Бойы 205 сантиметрлі атақты спортшынының лақапаты - "Тедди аю".
Ринер дзюдодан әлем чемпионаттары тарихындағы титулы көп спортшы, ол Францияда үш рет жыл спортшысы болып танылды (2012, 2016, 2017 жылдары). Ол 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!