- Негізгі бет
- Спорт
- Тиррено-Адриатико–2019 немесе 1...
Тиррено-Адриатико–2019 немесе 1 секундтың құны
Биыл италиялық "Тиррено-Адриатико" веложарысы 54-рет өтті. "Екі теңіз жарысы" деген аты бар жарыс 13-19 наурыз аралығында өтіп, бірегей оқиғамен аяқталды. Көпкүндіктің қорытындысы бойынша, Примош Роглич атты Jumbo-Visma командасының велошабандозы Mitchelton-Scott командасының өкілі Адам Йейтстен бір секунд ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.
"Тиррено-Адриатико" – жеті күнге созылатын жарыс. Әр күн бойынша әр спортшының жүріп өткен уақыты бір-біріне қосыла береді. Сөйтіп, жеті күнге берілген қашықтықты жүріп өтуге ең аз уақыт жұмсаған адам жеңімпаз болады. Ал биыл барлығы 1048,5 шақырым жүрген. Сол жеті күнгі 1048,5 км қашықтықты жүруге Примош Роглич Адам Йейтстен бір ғана секунд аз жұмсаған.
Соңғы 7-кезең алдында Йейтс Рогличтен 25 секунд алда келе жатқан еді. Бірақ соңғы шешуші кезеңде Роглич жеңісті жұлып әкетті.
Айта кетейік, үшінші орынды "Astana Pro Team" спортшысы Якоб Фульсан иеленді. Ол жеңімпаздан 30 секунд қалып қалған.
Massaget.kz