Beeline Arena ұлттық теннис орталығында ATP 250 Astana Open турнирінің іріктеу кезеңінің ойындары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыс ұйымдастырушыларынан Wild card алған қазақстандық Тимур Мәуленов екі сетте француз Александр Мюлерге (әлемнің 84-ші ракеткасы) 4:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды.
Ресейлік Әлібек Качмазов (әлемнің 319-шы ракеткасы) венгр Фабио Марожанды (әлемнің 92-ші ракеткасы) 6:2, 6:4 есебімен жеңсе, беларусь өкілі Егор Герасимов (әлемнің 664-ші ракеткасы) бельгиялық Зизу Бергсті (әлемнің 172-ші ракеткасы) – 6:4, 6:4 есебімен оңай жеңді. Бергс 2021 жылы Алматыда өткен "Челленджер" санатындағы турнирдің финалында біздің Тимофей Скатовты ұтқан болатын.
Бірінші ойын күнінің нәтижелері:
BeeHome+ қосыңыз. Басты теннис трансляцияларын жіберіп алмаңыз!
Турнирдің басты демеушілері:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!