Теннистен Қазақстан құрамасы Испанияны ұтты

Теннистен Қазақстан құрамасы Испанияны ұтты
Фото: ktf.kz

Аустралияда өтіп жатқан командалық United Cup турнирінде қазақстандық теннисшілер Испанияны ұтып шықты, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Шешуші аралас ойында Александр Шевченко мен Елена Рыбакина жұбы Пабло Карреньо Буста мен Ивон Кавалье-Реймерс жұбын жеңіп шықты. Тартысты өткен ойында үш сет те тай-брейкке дейін жалғасты. Бірінші сетте қазақстандықтар 7:6 есебімен ұтса, екінші сетте қарсыластары 7:2 есебімен жеңіске жетті. 

Соңғы сет те тай-брейкке дейін жалғасып, қазақстандық теннисшілер 10:7 есебімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін жекелей сында Александр Шевченко Пабло Карреньо-Бустаға есе жіберген еді. Ал Елена Рыбакина Лена Джессика Бусас Манейроны жеңіп, есепті теңестірген болатын.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі ойынын 30 желтоқсан күні Грекияға қарсы өткізеді.

О. Сансызбай
Logotype Massaget