- Негізгі бет
- Спорт
- Теннистен Дэвис кубогі:...
Теннистен Дэвис кубогі: Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды
Росарио қаласында Дэвис кубогі іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеребеге сәйкес жарыстың алғашқы күні 3 ақпанда Астана уақытымен сағат 20.00-де АТР рейтингісінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко мен Франсиско Серундоло (№22 АТР) ойнайды.
Содан кейін кортқа Тимофей Скатов (№278 АТР) мен Томас Мартин Этчеверри (№28 АТР) шығады.
Жексенбі күні сағат 20.00-де жұптық сында Александр Недовесов – Тимофей Скатов аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андрес Мольтенимен шеберлік байқасады. Сосын Скатов Серундоломен, соңғы ойында Попко Этчеверримен кездеседі.
Айта кетейік Қазақстан құрамасын тенисшісі Денис Евсеев салқын тиіп, ауырып қалуына байланысты командаға көмектесе алмайды.
"Біздің командада қатардан шығып жатқандар бар. Бейбіт Жұқаев жарақатына байланысты келе алмаса, Евсеев жарысқа дайындалғанымен, сырқаттанып қалды. Сондықтан жағдай қиын. Қарсылас команда күшті құрамын шығарады. Дегенмен Попко, Недовесов, Скатовтың соңына дейін күресетіні анық", - деді команда капитаны Юрий Щукин.
Ал сіз BeeHome+ қосып, басты теннис турнирлерді тікелей эфирде көріңіз!
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Зинешов