Теннистен Астанадағы ірі турнир: бапкерлер барлық көшбасшыны сапқа қосты

6-7 ақпан аралығында Астанада Дэвис кубогына іріктеу кезеңі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы бірінші әлемдік топ аясында орнын сақтап қалу үшін Монако құрамасымен кездеседі.

Бапкерлер штабы барлық көшбасшыны сапқа қосты. Елордадағы кортта Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Денис Евсеев өнер көрсетеді.

Турнир бағдарламасына төрт жеке матч және бір жұптық кездесу кіреді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан ерлер құрамасы Davis Cup Nations Ranking рейтингінде 31-орында, ал Монако құрамасы 44-орында тұр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз