Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Ярослава Шведова бастаған бапкерлер штабы дүниежүзінің 10-ракеткасы Елена Рыбакинамен бірге бірнеше ойыншыны таңдап алған.
Қазақстан намысын сонымен бірге дүниежүзінің 42-ракеткасы Юлия Путинцева, жұптық сында рейтингіде 25-орында тұрған Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова (жекелей сын, WTA, 333-ракетка), Жанель Рүстемова (жұптық сын, WTA, 973) қорғайды.
Қосымша ойыншы - Аружан Сағындықова (жекелей сын, WTA, 968).
Бәсекелер 14-15 сәуірде Астанада ұлттық теннис орталығында арнайы жасалған топырақ төсенішінде өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!