Теннисші Юлия Путинцева Азия ойындарында медаль жеңіп алып, тарихқа енді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы жеке сында қазақстандық спортшы жартылай финалда Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті.

Юлия Путинцева екі сетте де жеңіліп, матч 4:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Осылайша, Юлия Путинцева Азиада-2026 жарысын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Юлия Путинцева әйелдер арасындағы жеке сайыста ел тарихында жүлде алған бірінші теннисші ретінде тіркелді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!