- Негізгі бет
- Спорт
- Теннисші Жібек Құламбаева...
Теннисші Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 32-ден 33-ке сырғыды.
Зарина Дияс 199-сатыда тұр. Жарақатына байланысты көгалдағы корттарда болатын жарыстарға, соның ішінде Уимблдон турниріне қатыса алмайтын Заринаның көрсеткіші бірте-бірте құлдырап барады.
Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина 21-сатыда келеді. Жібек Құламбаева 280-нен 273-орынға көтерілді. Сөйтіп Жібек өзінің жеке рекордына қол жеткізді. Гөзал Айнитдинова 427-орында қалды.
Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші ракеткасының әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілгенін, қазақстандық жас теннисшінің Грузиядағы жарыста абсолютті чемпион атанғанын жазған болатынбыз.
Г. Досымшалова