Теннисші Аружан Сағындықова маусымды сәтті бастады

Теннисші Аружан Сағындықова маусымды сәтті бастады
Фото: ҚТФ

Теннисші Аружан Сағындықова маусымды сәтті бастап, ITF W15 сериясындағы турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыс Үндістанның Ахмедабад қаласында өтті.

Финалда 21 жастағы қазақстандық спортшы ресейлік Мария Головинамен бірігіп, жапониялық Ману Кавамура/Хонока Кобаяши жұбын жеңді.

Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget