Теннисші Анна Данилина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз жұптық сында финалға шығу үшін бақ сынайды.
Анна Данилина Страсбургтегі турнирде ресейлік Екатерина Александровамен жұптасып өнер көрсетіп жатыр.
Ширек финалда олар америкалық Эйжа Мухаммад пен венгриялық Фанни Штолардан басым түсті. Кездесу 7:5, 3:6, 10:6 есебімен аяқталды.
Жартылай финалда Анна Данилина мен Екатерина Александрова канадалық Габриэла Дабровски және бразилиялық Луиза Стефани жұбымен кездеседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!