"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке білім беру гранты берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
"Біз Темірлан Анарбековті 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық. Сондай-ақ, Дастан Сәтпаев та біздің жоғары оқу орындарының біріне түсетініне үміттіміз. Оның жасы бар болғаны 17-де", - деп жазды министр.
Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!