Темірлан Анарбековке де тағы бір сый жасалды

Темірлан Анарбековке де тағы бір сый жасалды
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке білім беру гранты берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

"Біз Темірлан Анарбековті 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық. Сондай-ақ, Дастан Сәтпаев та біздің жоғары оқу орындарының біріне түсетініне үміттіміз. Оның жасы бар болғаны 17-де", - деп жазды министр.

Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget