Темірлан Анарбеков ЧЛ-ның үздік ойыншылары тізіміне енді

Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының матчінде ең жоғары баға алған ойыншылардың тізіміне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Sofascore дерегінше, Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда Кипрдің "Пафос" клубына қарсы ойында "10" деген баға алды.

Бұл матч Темірлан үшін жақ сүйегіне жасалған отадан кейінгі алғашқы ойын болды.

Екінші таймда Анарбеков екі суперсэйв жасап, алматылықтардың қақпасын гол соқтырмай сақтап қалды.

Қазақ футболшысы Фермин Лопес ("Барселона"), Килиан Мбаппе ("Реал"), Фил Фоден ("Манчестер Сити") және басқа да ойыншылармен бір қатарға қосылды. Бұл ойыншылар да өз матчтерінде ең жоғары "10" бағасына лайық болған.

Еске салайық, алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы келесі матчі 9 желтоқсанда Астанада өтеді. Клуб матчке билеттер сатылымының басталғанын хабарлады. Кездесу "Астана Арена" стадионында өтеді, ал қазақстандықтардың қарсыласы – Грекияның "Олимпиакос" клубы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз