Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлде ала алмады.
Финалға дейін тек Ерасыл Қажыбаев жетті. Ол 100 келіден жоғары салмақта қола медаль үшін белдесті. Алайда жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Қазақстандық балуан әзербайжандық Джамал Гамзатхановқа жол берді.
Айта кетейік, ұлттық құраманың келесі жарысы 6-8 наурыз аралығында Австрияда өтетін Гран-при турнирі болмақ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова