Ташкенттегі Әлем кубогына қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды

Ташкенттегі Әлем кубогына қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды
Фото: ҚБФ

World Boxing ұйымдастыратын 2026 жылғы Әлем кубогының соңғы кезеңі Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. Қазақстан бокс федерациясы осы жарысқа қатысатын боксшылар тізімін жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстан құрамасы бұл кезеңге негізгі құрамдағы боксшыларды қоспаған. Сондай-ақ кей салмақтарда еліміздің атынан боксшылар тіркелмеген.

Ерлер:

• 50 кг - Даниял Сабит
• 70 кг - Фарух Тоқтасынов
• 75 кг - Аман Қонысбеков
• 80 кг - Диас Молжігітов
• 85 кг - Сұлтанбек Айбарұлы
• 90 кг - Дәулет Төлемісов

Әйелдер:

• 57 кг - Карина Ибрагимова
• 70 кг - Бақыт Сейдеш
• 75 кг - Шұғыла Нәлібай
• 80 кг - Валерия Аксенова
• +80 кг - Дина Исламбекова

Жарысқа 31 елден 142 боксшы қатысады. Айта кететін жәйт, бұл жарысқа спортшылар халықаралық ұйымның шақыртуымен барады.

Бокс бәсекесінің алғашқы күні - 28 қараша, ал шешуші жекпе жектер 3 желтоқсанға жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget