Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

14 балуан байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды.

Ерлер:

  • 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
  • 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
  • 73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
  • 81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
  • 90 келіге дейін: Барақ Арқабай
  • 100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев
  • 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев

Әйелдер:

  • 78 келіден жоғары: Назгүл Маратова

Айта кетейік, ұлттық құрама тізіміне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!