Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
14 балуан байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды.
Ерлер:
- 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
- 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
- 73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
- 81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
- 90 келіге дейін: Барақ Арқабай
- 100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев
- 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев
Әйелдер:
- 78 келіден жоғары: Назгүл Маратова
Айта кетейік, ұлттық құрама тізіміне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова